Сұлтанханов сынға ілікті
03-05-2023
Алматыда митингішілер Нұрсұлтан Назарбаевтың байлығын елге қайтаруды, оның атына берілген даңғылды “Қаңтар” деп өзгертуді, тұңғыш президент туралы заңның күшін жоюды, азаптауды тоқтатуды, заңсыз қамауға алынғандарды босатуды, қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың отбасына өтемақы төлеуді талап етті, деп хабарлайды Oinet.kz сайты ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.
Алғашқы үш талапты кәсіпкер Болат Әбілов, соңғы үш талапты саясаткер Жанболат Мамай алға тартты. Сондай-ақ, шерушілер «Парламент таратылсын!» деген ұран тастады.
Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың туыстарының бірі Қазақстанды концлагерьге теңеп, темір мен инемен азаптау туралы ауыр оқиғаларды айтты. Ал туыстары қолдарына марқұмдардың портретін ұстап тұрды.
Уақыт өте наразылық білдірушілер қатары көбейді. Басында 200-ге жуық адам болған. Кейін «Vласть» журналисі алаңға 600-ге жуық адам жиналған болуы мүмкін екенін айтса, Orda.kz – 500, Exclusive.kz – 1500-ге жуық адам жиналған болуы мүмкін екенін хабарлады. Мемлекеттік органдарға жақын дереккөз алаңда 350-ге жуық адам болғанын айтады.
Наразылық басында полиция байқалмады, кейін патруль көліктері пайда болды. Алайда Республика алаңында көлік қозғалысына тосқауыл қойылған жоқ.
Сондай-ақ, Тәуелсіздік монументінің артында перфоманс өтті. Мұнда А4 форматындағы 227 бос парақ төселді, оның кейбірі алмамен жабылған. Ақ парақтар қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан 227 адамды бейнелейді.
Жиында сөз алғандардың бірі шерушілердің талаптары орындалмайынша Республика алаңынан кетпеуді ұсынды. Ол киіз үй тігіп, алаңда қалған жаңаөзендіктерді мысалға келтірді. Митингке қатысушылар Алматы әкімі Ерболат Досаевты алаңға шақырып, ол келгенше ешқайда тарап кетпейтіндерін айтты.