«Халықты азаптауға жол берген Ерлан Тұрғынбаев отставкаға кетсін»

Oinet.kz 11-02-2022 8254

Қаңтар оқиғасында көпшілік халық көшеге әділдік сұрап шықты. Олардың наразы көңілін билік ішіндегі ең ықпалды клан өз мүдделеріне пайдаланып, арандатушылық әрекетті әдейі ұйымдастырды. Бандиттер мен кейбір радикалды топтарды қолданды. Бірақ олардың саны наразылық танытып, көшеге шыққан бейбіт халықтан әлде қайда аз. Қаңтар оқиғасының негізгі себебі террористер емес, 30 жылдық сірескен жүйеден шаршаған халықтың әділдік сұрап шыққан наразы көңілі. Билік осының ара-жігін ажаратып айтуы керек. 

Screenshot_8.jpg

Митинге қатысқандарды түрмеде ұрып, соғып, жантүршігерлік тәселдермен азаптаған полиция қызметкерлері тұтқындалып, қылмыстық жауапқа тартылуы қажет.

Азаптауға, түрлі заңсыздықтарға жол берген ІІМ министрі Ерлан Тұрғынбаев отставкаға кетуі тиіс.

06.01.2022 жылы кешкі уақытта “қарапайым халық террорист емеспіз” деген үлкен жазумен алаңда тұған бейбіт халыққа ескертусіз оқ атылды деген шағымдарды, дәлелдерді жіті тексеру қажет. Дәлелденген жағдайда бейбіт халыққа оқ атқандар қылмыстық жауапқа тартылуы керек. Сондай-ақ, 07.01, 08.01.2022 өлтірілгендердің кім екенін, қандай жағдайда, кімнің қолынан қаза тапқандарын анықтау керек. 

Ауыр қылмысқа қатысы жоқ митингіге қатысқандардың бәрін түгелдей бостандыққа шығару керек.

Қайрат Жолдыбайұлының Facebook парақшасынан

Сенат депутаты халықтың жағдайын қалай жақсартуға болатынын айтты
«Ханның қызын» қолға түсірмек болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу