Ақтауда тегін үйді талап еткен көпбалалы аналар орталық көшені жауып тастады (видео)

Oinet.kz 10-02-2022 2117

Кеше түнде бірнеше адам Маңғыстау облысы әкімдігі ғимаратының алдындағы жол учаскесін жауып тастады. Анықталғандай, бұлар көп балалы аналар болып шықты. Олар облыс әкімдігіне барып, баспана мәселесін шешуді талап еткен.

Screenshot_2.jpg

8 ақпан кешкі сағат 10 жарымдар шамасында Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында көп балалы, мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналар, мүгедектігі бар адамдар облыс әкімдігіне барып, баспана мәселесін шешуді талап етті. Олар әкімдіктің фойесіне кіріп, әкімнің шығуын талап етті. Бірақ әкімдіктен ешкім шықпаған.

Бұдан соң наразылар өздеріне биліктің назарын аударту үшін әкімдік жанындағы орталық көшелердің бірін жапқан.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ондаған әйелдің жолды жауып тұрғаны, көліктердің сигнал беріп жатқаны көрінеді. Оқиға орнына полиция қызметкерлері де келген. Куәгерлердің айтуынша, Куәгерлердің айтуынша, полиция жолды ашуға тырысып, аналар мен полиция біраз текетіресіп қалған. Жиналғандар жергілікті биліктен жалға алған пәтерлерін жекешелендіруді талап еткен. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Азамат Сарсенбаев (@azamat_sarsenbayev)

Дариға Назарбаева жұмысқа әлі шықпай жатыр
Президенттің батыл шешімдерінің арқасында елдің тұтастығын сақтап қалдық - сенатор
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу