Президент Қазақстанда жемқорлықты аяусыз жоюға кепілдік берді

Oinet.kz 20-01-2022 4765

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жемқорлықпен аяусыз күрес жалғасатынына кепілдік берді. 

Screenshot_8.jpg

"Қазақстан экономикасы орнықтылығын көрсетті. Үкімет отандық, шетелдік инвесторлар мен сауда жөніндегі серіктестеріміздің сенімін арттыру үшін барлық қажетті шараны қабылдайды. "Жаңа Қазақстанның мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс алшақтығын жою, жұмыс орындарын ашу және инфляцияны тежеу. Біздің барлық күш-жігеріміз миллиондаған қазақстандықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайының сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған. Біз ұлттық экономиканың ашықтығына, келісім-шарттарға қол сұғылмайтынына, зияткерлік меншік құқығы сақталатынына және жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса беретініне кепілдік береміз", - деп жазды Тоқаев. 

Тоқаев Қорғаныс министрі Бектанов не үшін қызметтен қуып жібергенін түсіндірді
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу