Мәди Ахмет халыққа маңызды үндеу жасады

Oinet.kz 17-01-2022 9886

Мәжілістің ең жас депутаты Мәди Ахмет қаңтардағы дүрбелең туралы пікір білдірді. Ол көпшілікті бірлікке шақырып, бейбітшілік басты бақыт екенін айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_5.jpg

Достар, жылдың алғашқы он күні баршамызды есеңгіретті, жанымызды күйзелтті, жүрегімізді қан жылатты.

Отыз жыл бойы заңдылық ретінде қабылдап, атүсті қараған бейбіт өмірдің шынайы құнын әп-сәтте түсініп, өмірлік сабақ алдық. Үш ұйықтасақ түсімізге де кірмеген, берекемізді қашырған, ұлт қауіпсіздігіне қауіп төндірген қаралы күндер бағымызға орай артта қалды.

Бейбіт шеруді өз мүддесіне асырмақ болған лаңкестердің құйтырқы жоспарына еліміз тойтарыс берді. Дәл қазір жерге, ұлтқа, партияға бөлініп, бір-бірімізді айыптайтын уақыт емес, бірлігімізді тағы бір мәрте көрсететін тағдыршешті кезең.

Бұл ретте біздің партияластар, жастар қанаты әр аймақта штаб құрып, мұқтаждарға, әскерилерге көмек көрсетуде. Тізбектей берсем, атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Күні кеше мәжіліс қабырғасында сөз сөйлеген президентіміз жастарға ерекше назар аударды, атап айтсам жұмыссыздықты азайтуды, жұмыспен қамту бағдарламаларын жетілдіруді, әлемдік жаңа оқу орындарын ашуды тапсырды.

Өз кезегінде еліміздің жастар саясаты жүйелі реформаны қажет ететінің партия жанындағы жастар кеңесінің әр отырысында нақты ұсыныстармен дәйектеп көтеріп келдік. Енді іс жүзіндегі өзгерістерге көшуіміз қажет.

Еліміз жаңарар, санамыз өзгерер, бәрі қалыпқа қелер. Бастысы - елдігімізді сақтау жолында арандатушылыққа жол бермей, еңбек ету.

Ел аман, жұрт тыныш болсын! - деп жазды Мәди Ахмет Instagram парақшасында. 

Кабинетімді Құдай немесе ата-бабамның әруағы сақтап қалды - Ақтөбе облысы әкімі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайда екені белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу