Жанболат Мамайдың жақтасы жоғалып кеткеннен әлі табылмады (фото)

Oinet.kz 11-01-2022 1106

Танымал қоғам белсендісі Жанболат Мамайдың жақтасы Дәурен Достияров жоғалып кетті. 4 қаңтар күні Алматы қаласында митингке шыққан. Сол кезде оны полиция бөлімшеге алып кеткен. Содан бері одан хабар жоқ. Бұл туралы танымал журналист Инга Иманбай Facebook парақшасында хабарлады.

Screenshot_16.jpg

"4 қаңтар күні бейбіт наразылыққа шыққан Дәурен Достияровқа іздеу саламыз! Оны Алматы Арена алдында бейбіт наразылықта тұрған жерінен полиция ұрып-соғып алып кеткен болатын. Содан бері Дәуреннен хабар жоқ. Бір де бір полиция бөлімшесі Дәуренді бізде бар деп мойындамай отыр. Сонда қазір не істеу керек? Ол қаңтардың төрті күні сағат 19:30 шамасында ұсталды. Ол кезде ешқандай террористер мен бандиттер туралы әлі еш хабар жоқ. Наразылық тек бейбіт сипатта болатын. Сондықтан, биліктен өз полициясы ұрып-соғып ұрлап алып кеткен бейбіт азаматты әуелі тауып, туыстарына амандығын білдіріп, босатуды талап етеміз!" - деп жазды журналист. 

Тоқаев үкіметке утильді төлемді алып тастау бойынша тапсырма берді
Екі әскери қызметкердің басын кесіп алған – Президент
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу