Екі әскери қызметкердің басын кесіп алған – Президент
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев террористер екі әскери қызметкердің басын кесіп алғанын айтты.
"Бандиттер полицейлерге, әскерилерге шабуыл жасап, ұрып-соққан. Екі әскери қызметкердің басын кесіп алған", - деді Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында сөйлеген сөзінде.
Еске сала кетейік, өткен аптада елімізде барлық өңірде дүрбелең болып, соңы бассыздыққа ұласқан болатын.