Ерболат Досаев бензин бағасы не үшін қымбаттағанын түсіндірді
Бүгін Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев бензин бағасының не себепті өскенін түсіндірді.
"Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының ай сайынғы өсуі 2017 жылғы қазан айынан бастап ең жоғары мәнді көрсетеді. Киім-кешек пен аяқ киімге бағаның өсу қарқыны жылдық мәнде 5,5%-ке дейін (осы жылғы наурызда – 5,2%) 4 жеделдеді. Сонымен бірге мұнай өнімдерін тасымалдау тарифтерінің артуы нәтижесінде ішкі ұсыныстың төмендеуі аясында биылғы жылдың басынан бастап бензин бағасының 11,6%-ке өсуі байқалады", - деді Досаев.