Тоқаев: «Полицияның өзі жол ережесін сақтамайды»

Oinet.kz 18-04-2019 757

20190417200852.jpg

-Полицияға қойылатын негізгі талап - тиімді жұмыс. Ал оның тиімділігін бағалаудағы басты шарт - халық сенімі. Тұрғындар полицейлердің дөрекілігі мен біліксіздігіне байланысты жиі шағым айтады. Кейбір жағдайларда полиция қызметкерлерінің өздері заңды бұзады, әсіресе, жол ережелерін сақтамайды. Ішкі істер министрлігі жүргізіліп жатқан реформалар аясында тәжірибелі әрі адал кәсіби мамандарды сақтап қалудың кешенді шараларын қарастыру қажет. Сондай-ақ, жас кәсіби мамандарды іріктеу барысында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетіне баса назар аудару керек, - деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Президент  ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаевтың есебін тыңдаған соң жүктелген міндеттерді орындау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының, әлеуметтік желілердің мүмкіндігін пайдалана отырып, жүйелі жұмысты жолға қоюды, ал Үкіметке министрліктің жұмысын қажетті ресурстармен қамтамасыз етуді тапсырды.


WhatsApp Image 2019-04-15 at 09.38.39.jpeg

 


Қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
Ибадулла Қалыбековтің қателігі үшін басқалар отқа түсуі керек пе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу