Қазақстаннан дәрігерлер кетіп жатыр

Oinet.kz 23-10-2020 1195

Соңғы үш жылда елден 3 мың дәрігер кетіп қалған. Қазірдің өзінде 13 мың медицина қызметкері жетіспейді. Коронавирустың екінші толқынын қарсы алып жатқан Қазақстанның медицинасына қатысты осындай сұрықсыздау статистика айтылды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Ақ халатты абзал жандар.jpg

Әзірге ел аман, жұрт тыныш. Індет бір өршіп барып, шегінді. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдер абыржуға негіз жоқтығын, елде дәрі-дәрмек қорының жеткілікті екендігін мәлімдеуде. Алайда министрлік медицинада кадрларлардың жетіспейтінін де жасырып отырған жоқ. 

Министрліктің құзырындағы Денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаевтың айтуынша, әртүрлі мамандықтағы 4 мыңнан астам дәрігер жетіпейді. Орта буынды медицина мамандарының жеткіліксіздігі бұдан да көп. Олар негізінен санитарлар, медбикелер, фельдшерлер. 

-15 шілдеге дейінгі жағдай бойынша Қазақстанда дәрігерлердің жетіспеушігілі 5201 бірлікті құраған еді. Ең жоғары сұраныс Қостанай облысында болды -624 штат. Аталған облысқа жас мамандарды жіберудің арқасында кадр мәселесі біршама шешілді. Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша елде дәрігерлік дефицит 4122 бірлікті құрайды,- дейді Қ.Төсекбаев. 

Елде ең жетіспейтін дәрігер анестезиолог-реаниматолог. Тіпті кейбір жерлерде терапевт штаты толық емес. 

Соңғы үш жылда Қазақстаннан 3 мыңнан астам медицина қызметкері кетіп қалған. Оның 300-ден астамы шетелге биыл кеткен. Оның себептері көп. Соның бірі дәрігер мамандарына әлеуметтік кепілдіктердің жоқтығы. Айналып келгенде бәрі дәрігерлердің мәртебесі туралы мәселеге барып тіреледі.

Қазақстанда  бұған дейін Мұғалімдік мәртебе туралы заңның қабылданғаны белгілі.

Қазақстанда 16 мыңнан астам шетелдік азамат жұмыс істеп жүр
Дауысты онлайн береміз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу