Мәсімовтің жалақысы қанша?

Oinet.kz 14-10-2010 954

Screenshot_23.jpg

Интернеттегі өзінің жеке блогында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов  еліне сіңіріп жатқан еңбегі үшін айына 700 мың теге жалақы алатынын жасырмай жазған. Долларға шаққанда 4746 доллар. Әйтеуір, біздің Үкімет басшымыз ар-ұяты бар азамат екен. Жалпы, премьер-министр қызметі үшін 700 мың теңге аса көп жалақы емес қой. Еліміздегі кейбір  компания басшылары мұндай табысты, сірә, бір күнде-ақ табатын шығар. Әйтпесе, Мәсімовтің шетелдік әріптестері мұндай жалақыны менсінбейді де. Айталық, Владимир Путин ай сайын 12 мың доллар көлемінде жалақы алады. Германия канцлері Ангела Меркельдің жалақысы тіптен көп: 23 мың доллар шамасында. Бірақ, Ангеланың өзі де Сингапурдың премьер-министрі Ли Сянь луньның жаңында қалып қояды. Бұл азамат ай сайын 250 мың АҚШ долларын шытырлатып тұрып санап алады. Екінші жағынан алғанда, біздің Мәсімовтың де жалақысына жете алмай келе жатқандар көп. Мәселен, Украиналық министрлер кабинетінің басшысы Николай Азаров 3240 доллар айлығымен күнін көріп келеді. Ал Кубаның көсемі Фидель Кастро кедейдің кедейі десек те жарасады. Оның ресми жалақысы – 30 доллар. 

Оinet.kz мұрағатынан

0d79983a0d0343a18d1c26f5c31f5a81.jpg

ОҚО-да тоғыз айда 4 миллиард 544 миллион теңге игерілмей қалды
Уәлихан Бишімбаев: «Сұрап алған қаржыны игере алмайтындарға қарның ашады»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу