Мәсімовтың құпиясы ашылмайды

Oinet.kz 17-05-2023 537

Кәрім Мәсімовке қатысты іс бойынша деректер жарияланбайды. Бұл туралы  Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев журналистерге берген сұхбатында айтқан.

Screenshot_6.jpg

«Тергеу амалдары барысында бәрі анықталды. Әрине, мен көп нәрсені айта алмаймын. Бірақ ол (Мәсімов) тиісті шешім қабылдамады. Бірінші басшы өзі қабылдауы тиіс шешімдерді жасамаған. Осымен болды. Сондықтан ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады», - деді М.Қалқабаев. 

Экс-төрағаға қатысты мәліметтер жарияланбайды. 

«Іс деректері өте құпия. Ол бойынша толық ақпарат берілмейді. Мемлекеттік құпияны жария етпеу туралы заң бар. Қылмыстық іс «өте құпия» санатына жатқызылған», - деді М.Қалқабаев.

Бұған дейін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов-18 жылға, оның орынбасарлары қызметін атқарған  А.Садықұловқа-16 жылға, Д.Ерғожинге-15 жылға, М.Осиповке-3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

Мәсімовтың тиісті шешімдерді Қаңтар оқиғасы кезінде қабылдамағаны айтпаса да түсінікті. Ол мемлекеттік төңкерісті не үшін жасамақ болды?  Кімге арқа сүйеді, алдына қандай мақсат қойды? Бұл туралы әзірге ешқандай мәлімет не түсініктеме жоқ.   

Динара мен Дариғаның байлығы көбейген
Монополистер халықты қанап отыр - Тарифті көтеру кімге тиімді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу