Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Қаңтар оқиғасынан кейін сотталған ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары, сондай-ақ үш ҰҚКД экс-басшысы жеке түзеу мекемесінде болады, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі КазТАГ мәліметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 94-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотталғандар – соттардың, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың тәртібін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті тұлғалар соттылығының санына қарамастан, бөлек мекемелерде ұсталады", - делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарламасында.
Агенттік Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларын, сондай-ақ Павлодар облысы ПД бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовті Шығыс Қазақстан облысына ауыстыруға қатысты ведомствоға сауал жолдаған.
"Қылмыстық-атқару заңнамасында көзделген жағдайларда (ҚК-ның 88-бабы 4-бөлігі) сотталғандар жазасын одан әрі өтеу үшін аралас режимдегі мекемеге ауыстырылуы мүмкін", - деп толықтырды ІІМ.