Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
2007 жылы Кәрім Мәсімов Үкімет басшысы ретінде тағайындалғанда бірқатар саясаттанушылардың «Мәсімов кім?» деген сыңайдағы талдау мақалалары жарық көрді. Мәселен белгілі сарапшы Аркадий Дубнов «Время новостей» газетінің электронды нұсқасында былай жазады: «Кәрім Мәсімовтің ұлты қазақ емес, ұйғыр. Ал оның қытай, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгергенімен қазақ тілін қақпайтыны біраз жайтты аңғартады». Ал «Азия Аналитика» қорының сарапшысы Дмитрий Верхотуров болса «Ең маңыздысы – Мәсімовтің ұлты ұйғыр, ол Шығыс Түркістан немесе Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының ұйғырларымен арада тығыз қарым-қатынас орнатқан. Бұл өз кезегінде Қытай мен Қазақстанның экономикалық байланыстарын дамыта түседі», деп түйіндейді.
Шынында «Кәрім Мәсімовтың ұлты кім, егер қазақ болса, руы кім, қай жүзге жатады?» деген мәселеге көп ағайындар көптен бері бас ауыртып жүрген-ді. Қазақта жоқ қою қасы мен сұлу мұртына қарап ,біреулер оны «ұйғыр» деп те жүргені жасырын емес. «Тегін не құл жасырады, не қу жасырады» деген, премьер-министрдің тегі, ұлты туралы ақпарат тым-тым тапшы, барының өзі нақты емес болғандықтан еріккен жұрт «осының түбінде бір шикілік бар ма?» деп күдіктене бастағандары да рас. Мәсімовтердің осы «мәселесіне» оның әкесі Қажымқан Қасымұлы жауап беруге тырысыпты. «Жас Алаш» газетіне берген сұхбатында ол кісі былай депті:
- Қажеке, сұрағым ретсіздеу болса, айып етпеңіз, жалғыз мен емес, жалпы оқырман қауымы да білгісі келетініне сенімдімін, сіз осы қай ұлттың өкілісіз?
- Қарағым, мен қарапайым көптің бірі болып жүрсем, ешкім де ұлтың кім, ұлысың кім деп сұрамас еді. Өздері сыртымнан пішіп, ұйғыр қылып жатқандарын да білемін. Бірақ, біз ташкендік қожалардың ұрпағымыз. Сонау бір аумалы-төкпелі заманда Ташкеннен Құлжаға барамыз деп, жеті үй қожалар шыққан екен. Ішінде біздің де әулетіміз бар. Әкем қасымның сол кезде екі жастағы күні екен, одан біраз үлкен Әсім деген ағасы болыпты. Өкінішке қарай ,долда әлдебір қарақшылардың қолынан ба, болмаса басқа да жағдай болған ба, әке-шешем бірдей өліп, әкем ағасымен екеуі тұл жетім қалады .Кетіп бара жатқан қожалар екі баланы сол жердегі бір ұйғырдың қолына тастап кетеді. Ол біреудің баласына қарай ма, апарып екеуін де балалар үйіне тапсырады және Мәсімов деп өзінің тегін беріп кетіпті. Әйтпесе, біздің атамыздың аты-жөні тіпті басқа екенін кейін білдік. Әкемнің ағасы Әсімді жасының үлкендігіне байланысты ересек балалар тобына апарып қосса керек, содан кейін мәңгілікке бір-бірінен көз жазып қалады. Бертін, ес жиғасын сол Құлжа жағына көшіп кеткен қожалардың тұқымдарын тауып, өзіміздің кім екеніміз жайлы біраз мәлімет алдық. Ал шешем осы Талдықорған өңірінікі, найман қызы. Өзімнің бәйбішем Арқа жерінікі, Кереку-Баян өңірінің тумасы деп өткенде айттым. Ал шындығында, ұйғырға құдамыз, балам Кәрімнің келіншегі – ұйғыр қызы». «Жас алаш», №81. 12-қазан, 2010 жыл.
Бір қарағанда, Мәсімовтің «мәселесі» шешілген сияқты. Тегін анықтадық. Әйтсе де, сұхбат ішінде «айналайын, біз қазақ боламыз» деген сөзді оқи алмадық. Оған сұрақ «қай ұлттың өкілі боласыз?» деп қойылған, бірақ ол «ташкендік қожалардың ұрпағымыз» деп жауап беріпті. Біздің білуімізше, «Қожа» деген ұлт жоқ, сосын «қожа» деген бірнеше ұлттың ішінде бар. Қыз-ы-ық, Қажымқан Қасымұлы «біз қазақ боламыз» дегенді неге қадап тұрып айтпады екен , ә?!
Оinet.kz мұрағатынан