Шөкеев айтқан «алгоритм» Төлебиде қолданыла ма?
Oinet.kz хабарлайды -«Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайдың салдарын өз күшімізбен жоямыз. Оған тәжірибеміз жеткілікті. Сел салдарымен күресте Мақтаарал тәжірибесін пайдаланамыз. Су шайған аумақтар секторға бөлінген. Оларға көмекке келген аудандардың басшылары жауапты. Жұмылып төтенше жағдайды еңсеруге барлық мүмкіншілік бар», – деді бүгін төтенше жағдай жөніндегі штабтың отырысын өткізген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, нөсерлі жауын салдарынан бірнеше ауданды су шайды. Төлеби, Қазығұрт, Бәйдібек аудандарында жалпы 522 үй ауласын, 4 үйді су басып, 258 адам эвакуцияланды. Су тасқыны зардабын жоюа 612 маман мен 84 техника 47 мотопомп жұмылдырылды.
Нөсер жауыннан үйлері бүлінген азаматтардың шығыны арнайы сараптау комиссиясының шешімімен анықталады. Жарамсыз болған үйлер мен жөндеуді қажет ететін баспаналарды қайта қалпына келтіру жағы қарастырылуда.
Бұған дейін су басқан Мақтаарал ауданында су тасқынында былтыр жарылыстан зардап шеккен Арыстағы тәжірибе пайдаланғанылған болатын. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Арыстағы алгоритмге сәйкес үкіметке ұсыныс беріп, үйін су басқан әр тұрғынға 100 мың теңгеден өтемақы төлеткізуге қол жеткізген еді. Тасқыннан зардап шеккен жоғарыда аталған үш ауданның тұрғындарына Шөкеев айтқан «алгоритм» қолданыла ма, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз.