Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды
05-09-2023
Сенаторлар төтенше жағдайлар туралы жаңа заң жобасын қабылдады. Құжат мемлекет басшысының өкілеттігін кеңейтеді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Парламент сенатының ресми сайтында Ұлттық экономика министрі төтенше жағдайлар туралы заң жобасы елдегі төтенше жағдай кезінде мүмкіндігінше жедел әрі тиімді шаралар қабылдау үшін әзірленгенін мәлім етті деп жазады.
Министрдің айтуынша, бұл қоғамдағы және экономикадағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Құжатта төтенше жағдай кезеңіндегі мемлекеттік басқарудың жұмыс істеу механизмі жазылған.
Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде қабылданған барлық заңдар оның мерзімі біткенше жұмыс істейді. Коронавирус салдарынан тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет бүкіл ел аумағында төтенше жағдай режимі енгізілген кезде аталған заң жобасының нормалары өзектілігін арттырған. Елімізде наурыздың ортасында қабылдаған режим үш күн бұрын яғни 11 мамырда аяқталды.
Айта кетейік, құжат жаңа тараумен толықтырылғанын хабарлаған болатынбыз. Онда президент төтенше жағдай кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бюджет, кеден, банк, еңбек туралы және монополияға қарсы заңнамалардың, сонымен қатар денсаулық, мемлекеттік сатып алулар, валюталық реттеу туралы заңнамалардың жұмыс істеуінің ерекше тәртібін белгілей алады