Дархан Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстан Президенті бірнеше мемлекеттің жаңа елшілерін тағайындады деп хабарлайды Ақорда.
Сенатор Дархан Сатыбалды Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Дархан Сатыбалды Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары арасында танымал. Еңбек жолы бай Дархан Сатыбалды бұған дейін Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.