Мәсімовке келгенде президент те тәспісінен жаңылды

Oinet.kz 18-03-2019 1001


 28fdc2e52a8881c404dedbd36633fe31-small.jpg

Әдетте генерал шенін президент 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне қарай беретін. Бұл жолы Елбасы қалыптасқан үрдісті бұзып, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа генерал-майор әскери атағын, ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовке  Ұлттық қауіпсіздік генерал-майор арнаулы атағын берді. Тиісті қаулы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Нұрлан Ермекбаев Қорғаныс министрі лауазымын 2018 жылдың тамызынан бері атқарып келе жатыр. Ал Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне 2016 жылдың қыркүйегінде тағайындалған болатын. 

Дархан Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды
Кентау әкіміне депутаттар сенімсіздік білдірмек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу