Жанат Жахметова ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Oinet.kz 06-02-2020 926

Ж.Жахметова 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 5 ақпандағы Қаулысымен Жанат Зарубекқызы Жахметова Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы.

Ж. Жахметова 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін және Абердин университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ ЖФ сынақ зертханасының жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеген.

2014-2016 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің ақпараттандыру саласындағы Мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2016 жылғы маусымнан 2017 жылғы шілде айына дейін — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары.

2017 жылғы шілдеден қазіргі таңға дейін "Зерде" ҰИХ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.


Президенттік бастамаларды жүзеге асырудың жаңа кезеңі басталады
Қазақстан елшісі Эстония президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу