Президенттік бастамаларды жүзеге асырудың жаңа кезеңі басталады

Oinet.kz 06-02-2020 903

Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үйлестірушісі Ерлан Қарин Ұлттық кеңес жұмысының қалай жүргізіліп жатқаны туралы айтты.

Ұлттық кеңес: Президенттік бастамаларды жүзеге асырудың жаңа кезеңі басталады

Осыдан бұрын хабарлағанымдай, Ұлттық кеңестің екінші отырысынан кейін, Президент Әкімшілігінің жетекшісі  қолымен Президенттің жаңа бастамаларын жүзеге асыру бойынша Жоспар бекітілді. Осы жоспарға сәйкес тиісті мемлекеттік құрылымдар қаңтар айында саяси реформалар бағытына қатысты әр бастама бойынша заң жобаларын дайындау қажет болатын. Бірнеше күн бұрын бұл жұмыс аяқталды - деді Ерлан Қарин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуына қарағанда, енді президенттік бастамаларды жүзеге асырудың жаңа кезеңі басталғалы жатыр. Заң жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін, ғылыми лингвистикалық экспертизадан өтіп, және Үкіметтің отырысында талқыланғаннан соң, олар Парламентке қалыптасқан тәртіпке сәйкес қарастыруға енгізіледі. Сонымен, Президенттің Ұлттық кеңестің екінші отырысында жариялаған бастамалары белсенді жүзеге асырылуда - деді ол.

Сергектен қашпа! Алматыда нөмірсіз жүргендерді «аулайтын» рейд басталды
Жанат Жахметова ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу