Бақыт Сұлтанов әкімдерге қатты ашулы
Бүгін үкімет отырысында ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов баға мониторингі және жедел шаралар қабылдау бойынша әкімдіктердің жұмысына көңілі толмайтынын айтты.
2019 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуі 10,4 пайызды құрады. Биылғы жылдың қаңтар айында біз маусымдық бағаның 0,3% пайызға өскенін байқаймыз. Бұл ретте, ол өткен жылғы қаңтарға қарағанда екі есе төмен және алдыңғы жылдардың алғашқы айларындағы бағаның өсуімен салыстырмалы. Аталған өсімдердің себептерін айтатын болсақ. Астық түсімінің төмендеуіне және экспорттың ұлғаюына байланысты объективті факторларды есепке алмағанда, олар баға мониторингі және жедел шаралар қабылдау бойынша әкімдіктердің жеткіліксіз белсенділігін көрсетеді, - Бақыт Сұлтанов.Оның айтуынша, былтыр барлық өңірлерде шекті бағадан асқан 67 жағдай тіркелген.