Елбасы «Bek Air» ұшақ апатынан қайтыс болғандардың жақындарына жеделхат жолдады
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүгінгі жан түршілгерлік ұшақ апатынан қайтыс болған жолаушылардың туыстырана көңіл айтты, деп хабаралайды OINET.KZ.
«Алматы әуежайынан ұшып шыққан «Bek Air» әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы хабарды күйзеліспен қабылдадым. Қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін», - делінген жеделхатта.