Данияр Елеусінов WBC экс-чемпионын нокаутқа түсірді

Oinet.kz 21-12-2019 1431

Қазақстандық кәсіби боксшы Данияр Елеусінов Финиксте (АҚШ, Аризона) америкалық Алан Санчеспен болған айқаста жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Данияр Елеусінов  WBC экс-чемпионын нокаутқа түсірді

Жекпе-жек 10 раундқа есептелген. Қос қарсылас Дэниел Джейкобс (35-3, 29 КО) пен кіші Хулио Сезар Чавес арасындағы айқастың андеркардында жұдырықтасты. Айқастың бас жағында, ұрымтал сәттердің бірінде қазақстандық қатты соққы жасап, қарсыласының сол көзі жарақаттанды. 

Төреші бесінші раундта жекпе-жекті тоқтатып, Елеусіновтың техникалық нокаутпен жеңгендігін жариялады. Еске сала кетсек, Данияр Елеусінов 2016 жылғы Риода болған Олимпиадада «алтын» еншілеген еді.


Дипломмен ауылға барып, далада қалды
Ресей Президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу