Ресей Президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдірді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты, - деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі Еlbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
Басқосуда ұйым жұмысының аралық қорытындылары жасалып, тараптар алдағы жылдардағы интеграциялық қарым-қатынастың перспективалары туралы пікір алмасты.
Жиында Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президентіне ұйымның құрылуы мен нығаюына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.
- Мен осы қауымдастықты құруға бастамашы болған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті Төрағасына ризашылығымды білдіргім келеді. ЕАЭО жақсы жұмыс атқарып келеді. Біз Сізді Санкт-Петербургте жаңа мәртебеде қарсы алғанымызға қуаныштымыз, - деді Ресей Президенті.
Шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулердің қорытындылары бойынша Кеңес мүшелері экономикалық интеграцияны одан әрі тереңдету үшін бірқатар маңызды шешімдер қабылдады.