Назарбаев не үшін биліктен (Президенттіктен) кеткенін айтты

Oinet.kz 29-04-2019 836

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халықтары ассамблеясының сессиясында Қазақстан президенті қызметінен неге кеткенін хабарлады. 

Screenshot_34.jpg

"Мен бұл қадамды одан әрі тұрақты даму және биліктегі тыныштықты қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ, басшылардың жаңа буынына аяққа тұрып, істі одан әрі жүргізуге көмектесу үшін жасадым.

Бұл қадамды әлемнің көптеген елдерінің көшбасшылары түсініп, қолдады. Мен осыған байланысты елде өкініш пен алаңдаушылық болғанын білемін.

Бәріміз білеміз, достарым, уақыт бір орында тұрмайды, бәрі өзгереді және біз де өзгеруіміз керек", - деп мәлімдеді Назарбаев ҚХА сессиясында.

Назарбаев: «Қазақтар орыс тілін сондай жақсы көреді»
Мадина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу