Назарбаев: «Қазақтар орыс тілін сондай жақсы көреді»

Oinet.kz 29-04-2019 3803

Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА сессия отырысына қатысты. Спикерлердің бірі, журналист Алла Чечеткина Елбасы алдында таза қазақ тілінде сөз сөйледі. Назарбаев арудың қазақ тілінде қазақтардан да жақсы сөйлейтінін атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Screenshot_31.jpg

"Қазақтар орыс тілін сондай жақсы көреді. Қазақтардың орыс тілінде орыстардан жақсы сөйлегендерін бірнеше рет естігенмін. Қазір Аллаға қарап, оның қазақ тілінде қазақтарға қарағанда жақсы сөйлейтрінін айтқым келеді.

Бұл сөзде өзара түсіністік бар. Сондықтан мінбеден сөз сөйлей отырып, біздің өміріміздің әр түрлі қырлары, барша дүниеге деген әртүрлі түсінігіміз айтылды.

Бірлік, достық, тұрақтылық- біздің саясатымыздың басты ұстанымдары, өміріміздің өркендеуі мен жақсаруына қол жеткізетін негізгі ықпал", - деп мәлімдеді Назарбаев.

Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
Назарбаев не үшін биліктен (Президенттіктен) кеткенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу