ТМД бойынша ажырасудан Қазақстан көш бастап тұр

Oinet.kz 05-12-2019 1126

ТМД ішінде ажырасуға арыз жазатындардың ең көбі Қазақстанда екен. Мұндай мәліметті «Бақытты отбасы» ресурстық қолдау орталығының мамандары айтты, - деп хабарлайды Almaty.tv арнасына сілтеме жасаған OINET.KZ

Картинки по запросу ажырасу

Журналистерге есеп берген ұйым өкілдерінің айтуынша, бұл орталыққа 2 500-ден аса адам жүгініпті. Олардың 2 423-і ажырасу мәселесімен келіп, тек 871-і орталық мамандарының кеңесінен кейін татуласқан. 

«Сотқа келіп түскен істердің былтыр 70 пайызы ажырасса, биыл 47 пайызы ажырасты. Оның көп ісі қысқартылады. Іс қысқартылды деген сөз - ол екі жақ татуласады да, арыз беріп, істі қараудан бас тартады», - дейді Алматы қаласы Әуезов ауданының судьясы Бақыткелді Тұрлыбеков. 

Ал, психологтардың айтуынша, ажырасуға арыз беретіндер - көбіне үйленгендеріне 1 немесе 2 жыл болған жас жұбайлар. Тіпті араларында сәбидің болуы отбасын сақтап қалуға септеспейді екен. Сондықтан шаңырақ көтерер алдында жауапкершілікті сезініп, кез келген қиындыққа дайын болу керек дейді олар. 

«Бір байқағанымыз, отбасының бұзылуына үшінші адам ықпал етеді. Ол жұбайлардың арасына түсіп, олардың ажырасуына себеп болады», - деді «Бақытты Отбасы» ресурстық қолдау орталығының психологы Гаухар Онжарова.

Димаш Құдайберген бірнеше номинация бойынша Ресейдің «Виктория» музыкалық сыйлығына ұсынылды
Дәурен Махажанов келгелі Кентауда келеңсіздік тыйылмай тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу