Димаш Құдайберген бірнеше номинация бойынша Ресейдің «Виктория» музыкалық сыйлығына ұсынылды
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресейдің "Виктория" музыкалық сыйлығына ұсынылды. Бұл туралы сыйлықтың Instagram-дағы ресми аккаунтында хабарланды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Әнші бірден бірнеше номинация бойынша жүлдеге үміткер ретінде қатысады. Солардың бірі – "Жыл вокалшысы".
Тағы біреуі – Игорь Крутойдың "Любовь уставших лебедей" туындысын орындағаны үшін "Жыл әні".
Айта кету керек, автор Игорь Крутой "Жыл композиторы" аталымында үздік атану үшін бақ сынайды.
"Виктория" жүлдесі бүгін Кремлде өтеді.