Сара Назарбаева атындағы табиғи парк ашылады

Oinet.kz 29-11-2017 1417

Ақмола облысы Ақкөл ауданында "WAKE UP 2017" грант берушілер форумы аясында "Сара Назарбаева атындағы табиғи саябақ" жобасының презентациясы өтті. Мұндай мәліметті Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан.

Screenshot_11.jpg

Аталған жобаны Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен Қазақстанның туроператорлары бірігіп жасаған. Шара барысында оны "Тұрақты даму" Жер қоры президенті Алан Бесен таныстырған. Оның айтуынша, жобаның мақсаты – Ақкөлде биосфералық резерват құру. Яғни, биологиялық ресурстарды белсенді түрде пайдалану мен ерекше эко жүйені сақтау арасында баланс орнату. Табиғи саябақ туристерге қызмет көрсетеді. Бизнес жобалар арқылы жергілікті халықты өңірдің сирек кездесетін табиғи байлықтарын сақтауға жұмылдырады. 

-Оның ішінде отбасылық демалысқа, саңырауқұлақ пен жидек теруге, жаяу және велосипед турларын ұйымдастыруға ерекше мән береміз. Инфрақұрылымның қаншалықты маңызды екенін көріп отырмыз, — деді Алан Бесен.

Жоба Ақмола облысы әкімі Мәлік Мурзалинге таныстырылып, кейінірек республикалық деңгейде ұсынылады. Жобаны жүзеге асыру мерзімі мен саябақтың ашылу күні кейінірек анықталмақ.

Сара Алпысқызының соңғы жылдары қайырымдылық және өзін-өзі тануға бағытталған жобаларды жүзеге асырумен айналысып жүргені белгілі. Табиғи саябақтың не себепті Елбасының жұбайы Сара Алпысқызының атымен аталатыны және бұл бастаманы кім көтергені туралы мәлімет жоқ. Айта кетері, жуырда Жамбыл облысының Қордай ауданындағы елдімекенге Елбасының анасының есімі берілген болатын. 

«Төлеген сенде арман жоқ»
Түрікменстанның «алтын ғасыры» қарайып барады...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу