Ғ.Байтұқ: «Кешкі алтыдан кейін кеңседе ешкім қалмасын»

Oinet.kz 29-11-2017 1596

Келесі жылдан бастап қарамағындағы қызметкерлерінің құқығын бұзған басшыларға қатысты қатаң шаралар қолданылатын болады. Мұны Мемлекеттік қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы мониторинг тобының мүшесі Ғалым Байтұқ мәлім етті. Оның айтуынша, бүгінде қарамағындағы қызметкерлерін кешкі алтыдан кейін кабинетте ұстап, жұмыс істету басшылардың әдетіне айналған. Енді мұндай жағдайға жол берілмейді.

Screenshot_2.jpg

-Ешкімге де жасырын емес, басшы жұмыста отырса, қол астындағы қызметкерлері де өз жұмыс орындарынан кетуге ыңғайсызданады. Басшы өз кабинетінде нард ойнап отырған шығар, кім біледі? Сондықтан, шенеунікті жұмыста ұзақ отыруынан пайдалы әсер коэффициенті көбеймейді. Егер орган жүйелі жұмыс істесе,  ешкім жұмыс күнінен кейін кеңседе қалмайды. Мәселен, Әділет министрлігінде уақыт тәртібі қатаң сақталады және ешкім жұмыстан кейін қалмайды. Қосымша жұмыс үшін ақы төленуі тиіс және күніне екі сағаттан артық қалдыруға болмайды. Әрине, мұнда қызметкердің келісімі аса маңызды. Біз Астана әкімдігін, өңірлерді және министрліктерді тексеріп шықтық. Тобымыздың хабарлауынша, Білім және ғылым министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері қызметкерлерге қатысты бірқатар құқықбұзушылықтарға жол берген. Келесі жылдан бастап, тексерістер қатаңдай түседі. Онда біз қызметкерлердің келген және кеткен уақыты тіркелетін турникеттер дерегін тексереміз, бейнежазбаларды қараймыз. Одан бөлек, жұмыста көбірек отырған қызметкерлерге төленген ақы туралы бухгалтерлік есепті тексереміз. Тексеру нәтижелері мен бухгалтерлік есеп сәйкес келмесе, қатаң шаралар қолданылады, - деді Ғ.Байтұқ. 

63 «қауіпті» жасқа айналып барады, неге?
Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайдан кім ұтып, кім ұтылды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу