Нұр-Сұлтанға жақын елді мекендерді дамыту мәселесі назарға алынды

Oinet.kz 15-11-2019 1112

Eлорданы дамыту стратегиясына агломерация мәселесі енгізілмек. Бұл ұсынысты Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссиясының тұрақты төрағасы Мирас Шекенов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

ауыл дамыту.jpg

Қалалық стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайрат Маңқараев Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 57-ші кезектен тыс сессиясы отырысында 2050 жылға дейінгі елорданы дамытудың стратегиясы жайлы баяндады.

Мирас Шекенов бұл құжатта бір мәселе енгізілмей қалғанын айтып, оған назар аудару қажеттігін атап өтті.

«Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала маңында агломерацияны дамыту мәселесін көтерді. Жалпы, қалалық агломерация Ақмола облысының жерлерімен шектесетіні белгілі. Қазірден бастап қаласақ та, қаламасақ та, қаланың стратегиялық жоспарына агломерацияны дамыту туралы түзетулер енгізу қажет», - деді қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссиясының тұрақты төрағасы.

Оның айтуынша, бүгінде елорда аумағы кеңейіп, дамып келеді.

«Қалаға жақын орналасқан Қосшы, ескі Ильинка, Көк-Төбе елді мекендері қаланың орбитасында тұр ғой. Ондағы адамдар осында келіп, жұмыс істеп жатыр. Сондықтан президенттің тапсырмасына сәйкес бүгіннен бастап агломерация мәселесіне назар аудару қажет», - деді Мирас Шекенов.

Қалалық мәслихат депутаттары бұл мәселенің өзекті екенін атап өтіп, алдағы уақытта оған назар аударылатынын жеткізді.

Асқар Мамин Азия даму банкінің президенті Такехико Накаоны қабылдады
Бауыржан Сыздықов ТЖД-ның жаңа басшысы болып тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу