Шымкентте сыбайлас жемқорлық көбейген
29-03-2023
Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болып азаматтық қорғаныс полковнигі Бауыржан Сыздықов тағайындалды, деп хабарлайды Oinet.kz порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин жеке құрамға елордалық ТЖД-ның жаңа бастығын таныстырды.
Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов 1973 жылы 14 маусымда бұрынғы Шымкент облысы Бөген ауданы Задарья ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін (гигиенист-эпидемиолог дәрігер), 2010 жылы РФ ТЖМ Азаматтық қорғаныс академиясын, 2019 жылы «Синергия) Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университетін заңгер магистрі дәрежесімен тәмамдаған.
2001 жылдан бері азаматтық қорғаныс органдарында жұмыс істейді. Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖБ аға офицері болып бастаған. 2010-2012 жылдары ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс департаменті Халықты және аумақты қорғау басқармасының бастығы, 2012-2014 жылдары ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық ТЖД бастығының орынбасары, 2014-2015 жылдары ҚР ІІМ Ақтөбе облыстық ТЖД бастығының орынбасары, 2015 жылғы ақпаннан - Ақтөбе облыстық ТЖД бастығы болды.
Марапаттары: 2002 жылы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл» медалі, 2012 жылы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл», 2010 жылы «Оқуда ерекше жетістіктері үшін» медалі; 2012 жылы III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі, 2010 жылы Ресей ТЖМ АҚА «Оқуда жеткен жетістіктері мен қосқан үлесі үшін» белгісі; 2010 жылы III дәрежелі Ресей ТЖМ АҚА «Ресей ТЖМ Азаматтық қорғаныс академиясының» ерекшелік белгісі, 2010 жылы «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісі, 2012 жылы «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі, 2017 жылы «Айбын» ордені.