Мәншүк Мәметованың ескерткішін жасаған Ю.Куртунова: «Бұл өте ауыр еңбек»

Oinet.kz 04-11-2019 3124

Screenshot_8.jpg

Әлеуметтік желіде Семей қаласында Мәншүк Мәметоваға арнап қойылған ескерткішті жасаған автор өз ойын білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz

Ағаш жобаны жасаған Юлия Куртунова мен Иван есімді ерлі-зайыптылар бұл нағыз еңбектің нәтижесі екенін айтады.

"Адамдар біз мұнда Ақшақар немесе Мыстан кемпірді жасап жатыр деп есептейді. Бірақ, біз Мәншүк Мәметованы жасап жатырмыз. Ол мәрмәр ма, ағаш па маңызды емес. Мұнда атмосфера сондай, Кеңес Одағы батырларына, танкіге арналған ескерткіш бар.

Мәншүк Мәметова- қайтыс болған соң Кеңес Одағының батыры атағын алған бірінші әйел. Оның бұл жерде тұруға хақы бар. Ал теріс пікірлер жазған адамдар ештеңе істемей, бос жүргендер.

Бұл біздің керемет әкім Ермак Бидахметұлының бастамасы. Ол бізді қалаға ағаштан осы мүсіндерді жасау үшін шақырды. Бұл өте ауыр еңбек. Әрине, бізді де қайырымдылықпен айналысып жүр деуге болмайды. Біздің де төрт баламыз бар, оларды асырауымыз қажет. Қымбат емес, айтарым сол",- деді Юлия.

Қазақстанның барлық өңірінде жастарға жалдамалы пәтер салынбақ
Гүлшара Әбдіқалықова, Мәжіліс депутаты: «Жастар мүмкіндікті пайдаланбайды»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу