Әлеуметтік қызметкерлерге қосымша ақы үшін бюджеттен 25,1 миллиард теңге бөлінді
Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлерге психоэмоционалдық және физикалық жүктеме үшін қосымша ақы төлеу ұсынылып отыр, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Стационарлық және жартылай стационарлық типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (паллиативті көмек бөлімшелерін қоспағанда) қосымша ақы басқарушы персоналға – лауазымдық еңбекақының 30%-і, негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерлерді қоспағанда) – 35%, әлеуметтік қызметкерлерге – 40%, санитарларға – 40%.
Стационарлық және жартылай стационарлық типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің паллиативті көмек бөлімшелерінде тәрбиешілерге, барлық мамандықтағы медбикелерге, санитарларға – 60%.
Сондай-ақ, уақытша болу, үйде қызмет көрсету ұйымдарындағы қызметкерлерге басқарушы персонал –15%,негізгі персонал қызметкерлеріне (әлеуметтік қызметкерлерді қоспағанда) –20, әлеуметтік қызметкерлерге – 35%, санитарларға – 20%.
Жоба "Ашық НҚА" порталында 28 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған. Негіздемесінде әлуметтік қызмет көрсету жүйесінде білікті кадрлардың жетіспейтіні жазылған. Бұл жұмыс қарқындылығына сәйкес келмейтін төмен жалақымен байланысты болып отыр.