10 қаңтарға дейін оқытушылардың еңбекақысы 50 пайызға дейін артады

Oinet.kz 14-10-2019 3879

Картинки по запросу асхат аймагамбетов

Мемлекет басшысы білім беру сапасын арттыру және педагогтерді қолдау жөнінде тапсырмасымен білім министрлігі мемлекеттік ЖОО ректорларына оқытушыларының еңбекақыларын 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін 30-дан 50% - ға дейін арттыру міндетін жүктеді. Бұл туралы Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды OINET.KZ.

«Бұл шешімнің нақты негіздері бар. Біз жоғары оқу орындарының бюджеттеріне талдау жүргіздік. Ол еңбекақы төлеу қорын ұлғайту үшін резервтердің бар екендігін көрсетті. Бүгінде бірқатар жоғары оқу орындарының оқытушылары 60-70 мың теңге көлемінде жалақы алатын жағдай қалыптасқан. Мұндай саясатпен сапаны талап ету мүмкін емес. ЕҰУ, Каспий университеті мен Тараз педагогикалық университеті сияқты жоғары оқу орындары жалақыны қазірдің өзінде көтеруді бастады»,- дейді білім министрі Асхат Аймағамбетов.

Айтуынша, қалған мемлекеттік ЖОО менің тапсырмамды міндетті түрде орындаулары тиіс.

«Сонымен қатар, ректорлардың алдына біздің ЖОО-да жұмыс істейтін академиктерді арнайы қосымша ақылар белгілеу арқылы қолдау міндеті қойылды. Жоғары оқу орындарында академиктер көп емес, сондықтан біз өзіміздің ғылыми элитамызды қолдауға міндеттіміз»,- дейді білім министрі.

Министрдің айтуынша, бұл шаралар мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат пен өзге де күш-жігерді қажет етпейді

Сондай-ақ, жас ғалымдарды қолдау тетіктері де болашақта қарастырылатын болады.

12 дүркін әлем чемпионы басқарма басшысы болып тағайындалды
Әлеуметтік қызметкерлерге қосымша ақы үшін бюджеттен 25,1 миллиард теңге бөлінді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу