Құрғақ уәдеге құмар әкім
12-04-2023
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында бірқатар мәселеге тоқталып өтті.
- Мәжілістің отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт.Тоқаевтың тапсырмаларын заңнамалық тұрғыда бекітетін, білім беру үшін маңызды нормалар қамтылған заң жобасы қабылданды. Оның ішіндегі екі тақырыпқа тоқталып өтпекпін.
1. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға түзету көмегін көрсетуге мемлекеттік тапсырыс беру.
2. Мемлекеттік жоғарғы оқу орындарын мемлекет меншігінде қалдыру, - деді Аймағамбетов.
Министр жоғарыда атап өткен тақырыптарға кеңінен тоқталып өтті.
- Бірінші. Соңғы уақытта ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар саны көбейіп жатыр. Осы санаттағы балалардың ерекше қажеттіліктерін анықталғаннан кейін, оларды құрдастарымен қатар оқыту үшін арнайы педагогтердің көмегі қажет.
Ең бастысы, мамандар әр баланың қажеттіліктеріне сүйене отырып жеке түзету бағдарламасын дайындап оны жүзеге асыратын болады. Мұндай көмек алған балалар инклюзивті ортаға жақсы бейімделеді.
- Сонымен қатар, оқу материалын әлдеқайда оңай игереді. Ал кейбіреулері ерекше көмекке мұқтаждықтан толығымен арылады. Олармен дефектологтар, психологтар, логопедтер және т.б. мамандар жұмыс істейді, - деді ол.
Аймағамбетовтың айтуынша, қазіргі уақытта мұндай балалардың саны өскендіктен, арнайы орталықтар жетіспейді. Уақытылы көмек болмағандықтан, бұл ерекшеліктерді түзету және баланы білім беру ортасына қосу қиынға соғып жатыр. Ол бұл норма мемлекеттік емес ұйымдарға осындай қажет орталықтарды ашуға және көрсетілген қызметтер үшін бюджеттен қаржы алуға мүмкіндік беретінін сөз етті.
- Бұл механизм жеке балабақшалардың қызметімен бірдей. Естеріңізге сала кетейін, дәл осындай тетік арқылы балаларды мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерімен қамтуды бірден арттырған едік, - деді министр.
Сонымен қатар, Аймағамбетов университеттерге қатысты мәселені қозғауды ұмытпады.
- Жоғары оқу орындары мемлекеттік кәсіпорындардан акционерлік қоғамдарға өзгергеннен кейін академиялық ортада университеттерді жекешелендіруге байланысты түсініспеушіліктер пайда болды. Әсіресе, бұл мәселені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сәтбаев университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушылары көтерді. Аталған мәселені түпкілікті шешу үшін заңға түзетулер енгізуге бастамашылық жасадық. Енді мемлекеттің 100% меншігіндегі жоғары оқу орындарын жекешелендіруге мүмкіндік болмайды, демек бұл университеттер мемлекеттің меншігінде қалады. Бұл заң жобасы енді Сенатта қаралатын болады, егер сенаторлар қолдаса, Мемлекет басшысының қарауына жіберіледі, - деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. Т