Президент екі заңға қол қойды

Oinet.kz 11-10-2019 973

Картинки по запросу қасым жомарт тоқаевМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қос заңға қол қойды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Біріншісі "2006 жылдың 3 қазандағы Қазақстан үкіметі мен Ресей үкіметі арасындағы Қазақстан - Ресей шекара маңындағы аумақ тұрғындарының шекараны кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң.

Бұдан былай Қазақстан-Ресей шекара маңында орналасқан қалалар мен ауылдардың тұрғындары мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде бұрынғыдай тіркеу кітабын емес, мекенжай анықтамасын көрсетеді.

Қазақстанның ішкі заңнамасында азаматтарды тіркеу кітабының күшін жоюына және мекенжай анықтамасын енгізуіне орай, аталған келісімге тиісті өзгерістер енгізілген болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған келесі құжат - Қазақстан үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйым (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев құжатты парламентте таныстырған болатын. Келісімнің арқасында қазақстандық ғалымдардың біліктілігін артады деп күтіліп отыр. Жергілікті ғалымдар еуропалық ұйыммен әріптестік орнатқан әлемнің 500 университетінде білімін шыңдауға мүмкіндік алады.

Мемлекеттен заңсыз жәрдемақы алғандар 3,4 миллион теңгені бюджетке қайтарды
Украина президенті Зеленский рекорд орнатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу