Украина президенті Зеленский рекорд орнатты

Oinet.kz 11-10-2019 1230

Картинки по запросу зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский баспасөз марафонын өткізді. Мемлекет басшысы көлемді баспасөз мәслихатын сағат таңғы 10-ға қойған, шара түнге қарай аяқталды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Владимир Зеленский журналистердің сұрақтарына 14 сағат бойы жауап берді. Сұрақтар да әртүрлі болды - Донбасстағы жағдайдан тағам таңдауына дейін. Баспасөз мәслихаты Kyiv Food Market фудкортында өтті. Зеленский жеті-он адамнан құралған журналистер тобына жауап берді. Әр топқа президентпен сөйлесуге жарты сағаттан берілді. Шараны Украина ұлттық рекордтар тізілімі атап өтті. Рекордтар кітабының өкілдері сегіз сағаттан соң Зеленскийге сертификат табыстады, мұнда "президенттің әлемдегі ең ұзақ баспасөз мәслихаты" деп жазылған.

Президент екі заңға қол қойды
Атаулы әлеуметтік көмекке 36,9 млрд теңге бөлінбек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу