Ғаламшардағы ең жылдам адам кім?

Oinet.kz 18-07-2019 2220

bolt45_vs.jpg

Әлемдегі ең жылдам адам Ямайкалық спортшы - Усэйн Болт. Үш дүркін олимпияда ойындарының чемпионы, бірнеше мәрте әлем чемпионы атағына ие болған, спринтердің үш ережесі бойынша әлемдік үш рекордын орнатушы. 2009 жылы өткен Әлем чемпионатында 100 метрді 9,58 секундта жүгіріп өтіп, адам сенгісіз нәтиже көрсетті . Оның лақап аты «найзағай». 

Ямайкалық желаяқтың 100 м қашықтықта жүгіруі кездейсоқ басталған. Усейннің жаттықтырушысы  Глен МИЛЛС оған екінші қашықтықтың қажет екендігін айтады. Ең фоварит қашықтық ретінде 400 метрді бапкер ұсынған . Усейн Болт « Не? Ұытыңыз! Мүмкін, 100 м сынап көрерміз?» Тренер жымия салды. Аяғы ұзын  спортшы үшін бұл тым қысқа қашықтық еді. Усейнге ұстазы 100 м қашықтықта жеңбесе, 400 метрге жүгіретінін мәлімдейді. Спортшы 10:30 нәтижесін көрсетсе жеңемін деп тырмысады. Нәтижеде Усейн Болт 10:03 секунд көрсеткішімен  жеңіске жетеді. Кингстонда 2008 жылдың көктемінде Болт 9,76 нәтижесіне қол жеткізеді. Барлық қатысушылар 43-45 қадаммен мәреге жетсе, Усейн небәрі 41 қадаммен қара үзеді. Арадан 1 ай өткенде Нью Йоркте Усейн өзінің алғашқы әлемдік рекордын орнатады. Нәтиже-9,72.

maxresdefault.jpg

Болт бала кезінен өте жылдам жүгірді. Бірақ Вальденсияда оны үнемі басып озған бала болды.  Бірде ұстазы Болтқа егер Рикардо Гаддестен мәрге бірінші жеңсе, түскі ас әперемін дейді. Түскі ас үшін тырмысқан Болт жеңімпаз атанады.

Егер сіз жарнамадан Усейн Болтты көзіңіз шалса, бұл роликтің Ямайкада түсірілгенін біліңіз. Елінің қамын ойлайтын Усейн инвесторлардың назарын өзіне аударуды көздейді.

Усейн Болт 13 жасында қарсыластарын жеңу үшін: "Мен сені ірі жүгіруде басып озамын, Енді сен мені жеңе алмайсың"деген мантраны ойлап тапты. Және әліге дейін осы сөздерді қолданады.

e330999ea63ecb414f5057d96768a753-quality_70Xresize_crop_1Xallow_enlarge_0Xw_750Xh_463.jpg

Усэйн Болттың ерекшелігі неде? 
1. Ұзын бойлы 
Спринт тарихы бойынша Болттан(195см) ұзын адам болмаған. Оның аяқ бұлшық еттері ұзын әрі шыныққан және табаны мықты. 
2. Үлкен адым 
Жүгірушілердің адымдарының орташа статистикалық көрсеткіші : 1,6-1,8 м болса, Усейндікі - 2,45-2,47 м. Оның басты қарсыластары Асафа Пауэлл, Тайсон Гэй 100 метрге 44 адым жұмсаса, ол 40-42адым жұмсасайды. Усейннің жиілігі: бір секундта 5 адым.  
3. Жарақаттың болмауы 
Әлемдегі тор-спритерлердің арасынан,тек, Усейн Болт қана ауыр жарақат алмаған.  
4. Босаңдық 
Усэйн Болттың ең басты қаруы. Ол жарыс алдында әрдайым өз-өзін сабырлы әрі сенімді ұстайды. Осының арқасында онық бұлшық еттері иілгіш және икемді болады. «Мен жаырс алдында әуен тыңдаймын және содан жақсы эмоция аламын.
Маған Лил Уэйн мен Джей-Зи ұнайды», -дейді өзі.

Усейн Болт 17 жасқа келгенде АҚШ-тың көптеген ЖОО оқуға шақырды. Алайда, спортшы барлығынан бас тартқан. Ал сізге Америкада оқуға мүмкіндік туындаса, бас тартар ма едіңіз?

Суреттер ашық дереккөзден алынды.

Шадияр Қоңдыбаев: «Бізде спорт шеберлері жаттығады»
«Реалдың» қақпасынан «Грэмми» сахнасына дейін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу