«Реалдың» қақпасынан «Грэмми» сахнасына дейін

2019-02-12-Grammy-honorifico-a-la-carrera-musical-de-Julio-Iglesias.jpg

Суретте  Хулио Иглесиас

Өмірде ауруға мойымаған жандар көп. Солардың бірі Хулио Иглесиас жас кезінде футбол қақпашысы болған. Мадриттің «Реал» командасының құрамында болған. Испандық спортшының карерасы небәрі 20 жасында тоқтайды. Ол жолда көлік апатына ұшырап ауруханада бақандай 3 жыл жатады. Доп теуіп жүрген аяқтары сал болып қимылдаудан қалады. Иглесиастың тек қолдары ғана қимылдайтын. Сүйікті мамандығымен амалсыз қоштасқан жігіт ақырындап гитара тартуды үйренеді. Нәтижесінде керемет музыкант болып шығады. Әнші аяғынан тік тұрғанымен спортқа қайта оралмады.  Бүгінде Хулионың жұмыр басына жетерлік атақ-абыройы бар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ боксшысы өзін Боратқа теңеп мазақ қылған канадалық боксшыны нокаутпен жеңді
  • Жазира Жаппарқұл, Олимпиаданың күміс жүлдегері: «Әкем болмағанда мұндай жетістікке жетпес едім»
  • Футболдағы трагикомедиялар
  • Армандар орындалады: Кумирін жеңген фанат
  • Көрші Ресей мен Өзбекстаннан қалып қойдық