Головкин мен Роналду бірлесіп жаңа жоба дайындамақ

Oinet.kz 05-12-2019 1925

Әлем чемпионы Геннадий Головкин мен футбол жұлдызы Криштиану Роналду бір жобаға қатысып жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.

Геннадий.jpg

Спортшылар инстаграм парақшаларында жариялағандай, Туринде DAZN компаниясы үшін түсірілім жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

"Досым Криштиану Роналдумен Туринде өткен керемет күн. DAZN-ға жаңа жоба дайындап жатырмыз", - деп жазған Головкин.

"Ювентус" форварды Головкинге өз командасының футболкасын сыйға тартса, GGG өз кезегінде боксер қолғабын табыстады.

"DAZN-ға арналған жаңа жобада ерекше досыммен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Сені көргеніме қуаныштымын, GGG", - деп футболшы да өз парақшасына пост қалдырған.

Қайрат Әбдел, футболшы: «Арманым – Қазақстанды әлемге таныту»
Қазақ боксшысы өзбекстандық қарсыласын нокаутқа жіберді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу