Тоқаш ұрлаушы

Oinet.kz 19-09-2019 1024

_103546230_8d0cfd01-f871-45c5-ab21-b514dac99e0d.jpg

Бикеш әуежайда өз рейсін күтіп отырған болатын. Уақытын қысқарту үшін жақын маңдағы бутикке барып, шағын кітапша мен бір қорап тоқаш сатып алды. Залдың ыңғайлырақ жеріндегі орындыққа жайғасып, кітапшаны оқуға кірісті.

Кітапша қызық еді. Бар ынтасымен оқып отырса да, көз қиығымен өзінен кейінгі орындықта отырған бір ұятсыздың ортадағы тоқаш қорабына қолын сұғып тоқаш ұрлап отырғанын байқады. Болмашы дүниеге шу көтермеуді ойлаған бикеш кітабын ары қарай оқи берді. Алайда ұрлықшы ешқандай қымсынусыз өз әрекетін жалғастыра берді. Бұл бикештің жүйкесіне әсер ете бастады. «Егер мен мықты болғанымда, бұл адамның көкесін танытар едім» деп ойлады ол. Бикеш тоқашқа қолын созған сайын, ол да жарыса созады. Ең соңында қорапта соңғы тоқаш қалды. Бикешке бұл қызықты көрінгені соншалық, үндемей ақырын күтті. Әлгі ұятсыз болса, соңғы тоқашты алып, екіге бөліп, жартысын аузына апарды. Өз үлесін жеп жатып, бикеш «Шыдамдылық деген осы болар. Тіпті рахмет деуге жарамады» деп мысқылмен көршісіне көз тастады. Ашудан қалшылдап кетті. Рейс хабарланып, бикеш орнынан көтерілді. Кітапшасын қол сөмкесіне салып жатып, көршісінің әрекетін бақылауды да ұмытпады. Ол болса әдеттегідей жайбарақат.

Ұшаққа жайғасып, сөмкесінен кітапшаны алмақ болған бикеш сасқанынан орнынан ұшып тұра жаздады. Сөмкеде мұрты да бұзылмаған қорап жатқан еді. «Егер менің тоқашым түгел болса, онда мен бөтен адамның тоқашын жеген болдым ғой. Ал ол болса өз тәттісін менімен бөлісуге тіпті де қарсы болмапты!..». бірақ бейтаныстан кешірім сұрауға енді кеш еді.

Майда ақша
Асыранды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу