«Дінге сенбеу керек» дегендерге сенбеу керек
Қазір ешнәрсеге таң қалмайтын болдық.Күніге әйтеуір бір нәрсені естисің.Біреуді ұрып кету,атып кету,пәленбай жыл бірге тұрып күйеуін балал-шағасымен тастап немесе әйелін талақ етіп басқа біреумен көңіл жарастыру,сәбилерін әжетқана тесігіне қолы дірілдемей тастай салу тағы басқа да жаға ұстатар имансыз әрекеттер қоғамымызды жайлап бара жатыр. Дұрысы жайлап алды.Осындай көріністерді көріп өскен жастардан ертең не сұраймыз.Тәуелсіздігімізбен бірге дінімізбен қайта қауыштық деп бөркімізді аспанға аттық.Бірақ басқа ағымның жетегіне ерген, ,5,6 құран сүрелері мен хадистерді жаттап алған бауырларымыз тақуа болып ақыл айтатынды шығарды.Қазақтың салт-дәстүрлерін жоққа шығарып ,өздерінше қалған жұртты ақымақ санап қақиып жүрген жайлары бар.Сыбайлас жемқорлық жайлы әңгіме тіптен бөлек.Ауылдағы мекемелерден бастап министрліктерге дейін бұл дертпен ауыратындардың саны сәт сайын көбеюде.Ұсталып темір торға тоғытылып жатқандары қаншама.Жеті басты айда айдаһар секілді бір басын кессең екінші басы өсіп шығады. Осының бәрі имансыздықтан.Ал иман - ислам дінінің бірінші шарты. Алладан қорықпаған , Алланы бір деп танымайтындардың ісі дер едім.Қазақ халқы әлімсақтан мұсылман , Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың үмбеті. Дінді сезіну үшін оны тану керек , діни білімін үнемі жетілдіріп отыру керек деп ойлаймын.Мүйізіміз шықса 70 жыл атеистік қоғамда өмір сүрдік қой. Не ұттық? Дегенмен де арамызда сол қоғамды көксейтіндер арамызда бар көрінеді. «Рейтинг» газетінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 35 санында жарық көрген «Дінге сенбеу керек» деген мақаланы оқып отырып ойға қалдым.Жасы 88-ге келген Шажат Оспанұлы деген қарияның жерден жеті қоян тапқандай жазған сандырақтарын қоғам талқысына салу «Рейтинг» газетіне неге керек болды екен Қасиетті құран мен Аллаһ Тағаламыз бар күнәсін кешіп ,ислам дінін тарату үшін жіберген адамзаттың асылы Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың қасында ол кісі сөздерін ту етіп ұстанып отырған Қозыбаев,Әуезов,Кішібеков,Шәкәрім,Павловтар кімдер.Әрине қазақ халқы үшін қазақ зиялыларының орны бөлек. Бірақ олардың сөздерін теріп,қандай мағынада айтқанын зерделемей Алланы жоққа шығару- діни білімнің таяздығы. Бұл ақсақалдың үйінде құран оқылмайтын шығар,үрім-бұтағына атеистік тәрбие берілетін шығар.Ол өзінің шаруасы. Бояушы бояушы дегенге сақалын бояудың қажеті жоқ.Сізге айтарым , қасиетті Құран Кәрімді бір оқып шығыңыз. Хадистерді парақтаңыз.Ағарту ісінің үздігі екенсіз Алланың алдына барар шағыңызда халықты қарайтпаңыз.Кезінде айтылған сөздер шығар.Оларда пенде ғой.Бірақ Абайдың
«Алланың өзі де рас сөзі де рас.
Рас сөз ешқашан да жалған болмас» дегені ойыңызға оралған жоқ па?. Әлде сіз қазақ үшін Абайдан артық еңбек сіңірдіңіз бе ?
Осы жөнсіз жазылған мақалаңыз үшін Алла сізді кешірсін.
Құранның Бақара сүресі,39 аятында «Қарсы келіп аяттарымызды өтірік дегендер,солар,тозақтық болып,олар мәңгі қалады» делінген. Қарсы келуші болудан,соған үгіттеуден Алла сақтасын.
С.Молдалым
Созақ ауданы,
2016 ж