Дейл Карнегидің өмір жолы
Дейл Карнегидің ең болмағанда бір кітабын оқығандар, оның айтқан пікірлерін ұзақ жадында ұстайды. Себебі жазушы үнемі оқырманмен ашық сырласа білді. Қарым-қатынас теориясының әзірлеушісі, self made man (өзін-өзі көтерген адам), педагог және тамаша оратор Дейл Карнеги оқырмандарын революцияларды өзгертуге болмаса да, кез келген жағдайда өзіне және қоршаған ортаға деген қарым-қатынасты өзгертуге үйретті.
Балалық шағы мен жастық шағы
Дейл Карнегей 1888 жылы Мэривилл қаласындағы Миссуриде дүниеге дүниеге келген. "Карнеги" деп тегін Дейл атақты атақты миллиардер Эндрю Карнегиге ұқсаймын деген ниетпен ауыстырады.
Кейіннен "Фортуна" жас жазушыға күлімдеп, жас оратор өзінің кумирі Эндрю Карнегидің "Карнеги холлында" алғашқы ресми тренингін өткізеді
Ата-анасы Аманда Элизабет пен Джеймс Вильямның фермалары болған, алайда шаруашылықтан пайда болмай, тіпті Дейл ағасынан қалған киімдерін киім жүрген.
Балалық шағында Дейл үнемі фермадағы жұмыстармен айналысқан, өзінің кедейлігін комплекс көргендіктен айтарлықтай ешкіммен достаспаған да көрінеді. Жалғыздықтан сәл де болса да арылу үшін ол мектептегі дискуссиялық ортаға жазылып алады, оның өмірлік жолы да осы жерден басталған еді. Карнеги өзінің қызыл тілді дебатшы екенін де сол ортада байқайды.
Әкесі мен анасы балаларының сапалы білім алып, жақсы ер азаматтар болып өсуін алдыңғы қатарға қояды. Сол үшін де балаларының бәрін сауатты етіп өсіреді. Дейл ата-анасының ықпалымен педагогикалық колледжге түседі, бірақ шешендік шеберлікке де жаттығуын ысырып қоймайды. Көп ұзамай айналасындағы курс студенттері Карнегидің көркем сөздерін тыңдау үшін арнайы жинала бастайды.
Болашақ жазушы латын тілінен емтиханнан сүрініп, колледж түлегі атану мүмкіндігінен айырылады. Бірақ өмір сүру керек болды, өзін асырау керек болды. Содан Карнеги өзі өсіп-өнген елдімекендердегі Батыс Небраски және Шығыс Вайоминг фермерлері үшін курстар ашып, ондағы студенттерге білім бере бастайды. Бірақ көп ұзамай "ауыл мұғалімі" атану, өзі ұстылған белес емес екендігін түсініп мұғалімдік жолдан бас тартады.
Дейл Armour & Company-ға келіп, осында ет өнімдерін сатуға кіріседі. Сауда агентінің жұмысы, ұстанымды өзгерту, әңгімелесушінің кері реакциясын зерттеу тек көпшілік алдында сөйлеу өнерінің дамуына ықпал етті. Карнеги өз тауарын өткізу үшін арлы-берлі американдықтардың үйлеріне кіріп жүріп, сөйлеу мәдениетін, көндіру, манипуляция жасау шеберлігін шыңдай бастайды.
Біраз қаражат жинап алған соң, Карнеги сауданы тастап, тап сол кездегі экономикалық дағдарыстың өршуі кезінде Нью-Йоркке көшіп келеді. Бұл жерде жергілікті Young Men's Christian Association мекемесінен жалға офис алып, тұрғындарға дәріс бере бастайды.
Депрессия жағдайындағы адамдар психологиялық көмек сұрап келе бастады, сенімділік тауып, жақындарымен мәселелерін шешкісі келді, ал біреулері қызметте қалай жылжу немесе өз бизнесін көтеру жөнінде кеңес алып Дейлдің бұл бизнесі өрге домалай бастады.
Христиан қауымдастығы Дейлдің гонорарын көтеру мақсатында дәріскер туралы басқа орталықтарды құлақтандырып, Карнегиге шақыртулар түсе бастайды.
Осындай жолдармен жүріп келіп, ол біз білетін Дейл Карнегиге айналды.
Дейл Карнеги өтіп жүрген дәрістерін толықтай түйіндеп, ең негізгі тұстарын қағаз бетіне түсіріп, кітап басып шығара бастайды. Ол осы бағыттағы алғашқы жазушылардың бірі атанады.
Жазушының ең сұранысқа ие кітаптары:
«Как преодолеть тревогу и стресс»; «Правила жизни успешных людей. 21 вдохновляющая история о победе над собой»; «Как располагать к себе людей»; «Общайся так, чтобы тебя слышали, слушали и слушались!»; «Как завоевывать друзей и оказывать влияние на людей»; «Как выработать уверенность в себе и влиять на людей, выступая публично»; «Как найти выход из любой конфликтной ситуации», «Как использовать перемены себе во благо»; «Как перестать беспокоиться и начать жить»; «Как эффективно общаться с людьми».
Миллиондаған адамның жеке табыс табуына жол көрсеткен дейл карнегидің өз жеке өмірі аса қуантарлықтай емес. Өзінің алғашқы жұбайы Лолита Бокермен спикер 10 жыл отауынан кейін ажыраспақ болады. Алайда осы ажырасу процессі Дейлдің кезекті кітабының тұсаукесерімен тұспа-тұс келіп, ажырасуды көпшілікке жарияламай, жасырын түрде өткізеді.
Екінші некесінде жағдай өзгешелеу болды. Бұл жолы жазушы өзімен бір кемедегі жазушы, психолог маманы Дороти Прайс Вандерпулмен отау тігеді. Алайда бірер жылдан кейін, іскер әйел күйеуінің мүлігінің жарты бөлігін өзіне аудартып, ажырасуға шешім қабылдайы. Екінші жағынан, Дейл осы әйелдің арқасында іскерлік жолға бет ауады. Отбасында бұл уақытта Дейл мен Дороти ортақ қыздары Донна мен Доротидің бірінші некесінен болған қызы Розмариді тәрбиелеп отырған болатын.
Өмірінің соңына қарай Дейл Нью-Йорктегі өзінің ескі кездердегі үйіне келіп өмір сүруді ұйғарады. Карнеги қартайған шағында жалғыз қалып, бүйрек жетіспеушілігімен ауырып, 1955 жылы қайтыс болады.