Гитлер және махаббат

Oinet.kz 09-08-2019 2033

Гитлермен небәрі бір күн отауда болған, оның жалғыз заңды жары Ева Браун жөнінде деректер көп емес. Әлемге әйгілі фашистің тегін арқалап кеткен жас әйелді тарихшылар әлі де болса Браун деген өз тегімен атауларын тоқтатпаған. Гитлер секілді емес Ева әлемге танымал болуды, әлемді билеуді мақсат тұтпаған, саясатқа да еш қатысы болмаған екен.

Мисс Браунның жалғыз кәсібі фотография болған.

fc93c6cbfe183f2e170e26e987577bed.jpg

Ол 1912 жылы 6 ақпанда Мюнхенде, мектеп мұғалімдері Фридриха Браун мен жұбайы Катарина Браунның отбасында дүниеге келген. Фридрих Браунның үш қызы да әкесінің қатал режимімен өсіп жетілген. Фридриха Браун қыздарын ешқашан босаңсытпаған, сағат түнгі 10-да бәрі қаз қатар тізіліп жатып, ұйқыға жатқан.

17 жасында Ева Генрих Гоутман деген фотографтың шағын дүкеніне фотосурет сатушы болып жұмысқа орналасады. Дегенмен де Ева бостандық сүйер, өнермен жаны бір қыз болғандықтан, шағын дүкен оны тез-ақ мезі етіп жібереді.

40 жастағы Гитлермен танысуына олардың ортақ таныстары себепші болған. Бұл уақыт 1929 жылдың күзі болатын.

Алайда кейбір деректер оның Евамен болған махаббатын жоққа шығарып, Гитлерді тіпті бисексуал деп де атап жатады.

17 жасар Ева дәл сол күннен бастап Гитлердің жеке меншігіне айналады. Гитлер ешқашан Евамен үйлену жайлы сөз қозғамаған. Оның себебі Гитлердің Евамен бір уақытта жиен қарындасы Гели Раубальмен де қатынаста болуы. Ева Браун сүйіктісінің қызқұмарлығынан бастан хабардар болады.

1931 жылы 18 қыркүйек күні Гитлер өзінің екінші сүйіктісі жиен қарындасы Гелимен ұрысып қалады. Нәтижесінде қыз өз-өзіне қол жұмсайды. Дегенмен кейбір деректер, бұл қылмысты Гитлердің жасағанына сенімді.

Ева Браун үшін бұл махаббат хикаясы бақытты болмағанын тарих беттеріндегі бірнеше көріністер дәлелдейді: 1932 жылдың күзінде ол өз мойнына қару тақап, өзін-өзі өлтірмек болады, ал 1935 мамыр айында қыз уланып өлуге де барады. Екі жағдайда да Еву Браунды дәрігерлер құтқарып қалады.

Германияның бұл кездегі ендігі жаңа басшысы болып сайланған Гитлер Евадан айырылғысы келмегендіктен, сүйіктісіне зәулім үй алып береді, онысымен қоймай жас қызды жанына хатшы етіп те сайлап қояды.

Гитлер фюрер ретінде Еваға үйленудің еш мәні жоқ деп есептеген. Гитлердің айтуынша, егер де атақты адамдар өз сүйіктілерін елге көрсетер болса, сымбаттылығынан айырылады екен.

1936 жылы Гитлердің басшы ретіндегі жеке резиденциясын қайта құруы аяқталады. Резиденция Бергхоф ("тау ауласы") атауын алып, Ева Браун сол жерге көшіріліп, ресми үй иесі атанады.

c00cd16b0fd2338fea06fd20a62e3536.jpg

Ева Браун 1936-1945 жылдар аралығында өз уақытының көп бөлігін Бергхофта өткізеді. Ева Гитлермен болатын некесінен үміт үзбей жүргенімен, қанша жыл өтсе де ел басшысы неке жөнінде тіс жармайды.

Бергхофтағы жүрген уағында Ева Браун фотосуреттермен, түрлі-түсті түсірілімдермен өзін-өзі алдандырып жүреді. Еваның дәл осы өнерінің арқасында, тарихта қос ғашықтың түрлі бейнежазбалары мен фотосуреттері қалады.

Hitler_Adolf_goroskop.jpg

Әрине, Ева Браун айналасындағы болып жатқан жайттардан, әлемдегі екінші дүниежүзілік соғыстан хабардар болған. Дегенмен де ол өзінің сүйіктісінің жанынан бір елі ажырамайды. Соғыс кезеңінде де ол үнемі нацисттің жанында болып, тіпті Гитлердің қолы қалтыраған сәттерінде де ешқайда кетпейді.

1945 жылы соғыстың бітер шағында Ева Браун  мен Адольф Гитлер некелерін қияды. Екі ғашықтың заңды некелері бар жоғы бір күнге созылып, одан соң Гитлер қашып жүріп, соңында көз жұмады. 

Дейл Карнегидің өмір жолы
Жерлеу рәсіміне кететін шығын қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу