«Өлімді» жеңген жұлдыздар

Oinet.kz 25-06-2019 1116

Өмір үшін күресу-рухани мықтылықтан туындайды.  «Сіз қатерлі ісікке шалдықтыңыз!» дегенді «сіз өлесіз» деп ұғынатындардың қарасы көп. Назарларыңызға ракты жеңген әлемдік жұлдыздарды ұсынамыз.

Анджелина Джоли

андж.jpg

Голливуд ханшайымы  2013 жылдың мамыр айында сүт безін алып тастау үшін операция жасатты.  Анджелина:  Анам осы аурудың салдарынан 56 жасыда қайтыс болды. Менде тұқым қуалау арқылы 57 % рак болу қаупі анықталды. Сол себепті тәуекел жасағым келмеді. Өмір- қымат.

Владимир Познер

позднер.jpg

 

Ресейлік журналист, тележүргізуші 1993 жылы онкологиялық аурумен күресті бастады.  Познер: Маған  дәрігерлер қатерлі ісік диагнозын қойғанда кірпіш қабырғаға кілт соғылғандай нокаут алдым. Мен ол кезде 59 жаста болдым. Санама ең бірінші келген ой-өмірім бітті, өлгім келмейді.. Бірақ жиырма жылдан астам уақыт өтті. Мен әлі тірімін!

Лэнс Армстронг

лэнс.jpg

Әлемнің ең мықты велошабандозы, Tour de France жеті дүркін жеңімпазына 1996 жылы обыр диагнозы қойылды.. Алайда, Лэнс спорттық карьерасына кері әсер ететіндіктен химиялық ем қабылдаудан бас тартқан. Дәрігерлердің практикасында аурудың бұл сатысынан аман шығу мүмкін емес еді. Бірақ велотрэкте ғана емес өмірде де жеңіс тапқан Лэнс бұл ойдың тас-талқанын шығарды. Велошабандоз обыр ауруымен ауыратын адамдарға көмек көрсету үшін "Лэнс Армстронг қорын" құрып,  осы аурумен күресуді насихаттауды шешті. Лэнс: Маған ауруым жайлы айтқанда,  бөмір үшін барлығын жасайтыныма сенімді болдым. Өлім туралы мүлде ойламадым.

Суреттер ашық дереккөзден алынды.

Бауыржан Момышұлы туған Жуалыда...
Тіршілік қой әйтеуір...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу