Доссыз қалғанша ағайынсыз бол

Oinet.kz 30-05-2019 1845

        68-23.jpg                                         

        Жалғыздық Аллаға ғана жарасқан. Адам баласына ата-анасы, жақын туыстары, бауырларының қажеттігі айтпаса да түсінікті. Алайда доссыз адам ағайын-туысқа бай болса да жалғыз деп есептеймін. Себебі досқа да сырыңды айтып, ойыңды бөлісіп, әзіліңді жарастырып, уайымыңды азайтасың. Дос пенденің ойдан шығарған кейіпкері емес, бұл түсінік адамға Алла тарапынан берілген. Парсы жазушысы Кабустың әйгілі «Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» – деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады» деген екен.

          Бүгінде дос ұғымының мәні де, сәні де кетіп бара жатқан секілді. Бүгін сіз біздесіп жүргенімен ертең бірін-бірі көрместей болып қырық пышақ болып жүрген талай доссымақтарды көрдім. Адамдар арасындағы достық сезімдерінің сөніп бара жатқаны имандылықтың азайып бара жатқандығынан деп білемін. Дос таңдаған кезде ең әуелі  діни сеніміне қарау керек. Себебі жүрегінде  иманы бар адам біріншіден Алладан қорқады,  ешкімге қиянат жасамайды. Мұндай достар сізді де, айналасындағы өзге адамдарды да ізгілікке шақырып, шуағын шашып жүреді. Бағалай білген адамға ақшасы бар емес иманы бар дос алтыннан да қымбат жан. Досымның білімі жоқ деп налыма, себебі «қос дипломы болса да көкірегі соқыр» адамдардан сақтану керек. Сондықтан дос таңдағанда қателеспейік және достықты сақтайық, бағалайық!

Сабыржан Қалымбек,

Жамбыл облысы 

Тынысбек Қоңыратбай: «Мен үшін алғашқы махаббат қорқыныш сезімі сияқты еді»
Мейрамбек Таубалдиев, тележурналист: «Анам еден жуып жүріп Алматыда оқытты»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу