Жас әншіні менсінбеген Сәдуақасова тілін көрсетті

Oinet.kz 18-04-2019 1328

Screenshot_9.jpg

Желіде Мадина Сәдуақасованың қатысуымен отандық музыкалық жоба кезіндегі қызықты жайттың видеосы тарап кетті. Онда шоу-бизнес жұлдызы жас әншінің өнерін тамашалап жатып, түсініксіз әрекет жасағанын аңғаруға болады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Instagram кеңістігіне тараған бейнежазбада Мадина Сәдуақасованың тілін шығарып тұрған сәті түсіп қалған. Желі оқырмандары эстрада әртісі бұл қылығымен ән орындап жатқан жас әншіні менсінбегендей күй танытты деп болжады. Оқиға "Жұлдызды жекпе-жек" шоуы барысында орын алған. Сәдуақасованың қылығын ерсі санаған желің қолданушылары оны бірден сынауға кірісіп кеткен. Анықталғандай, видеоны жобаны өз көзімен көру үшін келген жанкүйерлердің бірі ұялы телефонына түсіріп алған.

" Мадинаға өзін ортада ұстап үйрену керек. Сөзі де қисынсыз , қылықтары да ұнамады осы бағдарламада" , "Жасанды қылығын түзеп алсын алдымен. Сосын пікір білдірсін" , "Менсінбегендей болып тұр ғой. Өзіне қара алмай ма" , "Ұят болды. Мамырова жас талант. Жастарды көтеру керек" , "Өзіне қарап алсын. Өзінше болып кеткен" , "Енді шығып келе жатқан әншіні қолдап жігерлендірудің орнына, бұлай менсінбеушілік танытқаны несі" , - деді желідегілер.


Қыздарды қорлаған өгей шеше «жазалау» дәптерін арнаған
Қызғалдақ жұлса не болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу