Қыздарды қорлаған өгей шеше «жазалау» дәптерін арнаған

Oinet.kz 18-04-2019 1362

Screenshot_8.jpg

Түркістан облысының Жетісай қаласында болған жантүршігерлік оқиғаға қатысты жаңа деректер анықталды деп жазады  otyrar.kz

Жәбірленген қыздардың туысқаны туған аналары бес жыл бұрын кетіп қалғанын жеткізді. Қыздардың әкесі екінші әйелмен отасқанына үш жыл болған. Бастапқыда бәрі дұрыс болыпты, алайда ұлдары туылғаннан кейін келіншек өзгеріп кеткен.

Қыздардың әпкесі "ол ашуын өгей қыздарынан алады" дегенді алға тартты. Ал қыздардың әкесі бұған қызғаныш сезімі себеп деп отыр. Қыздардың үлкені әкелерін қатты жақсы көргендіктен бәрін жасырған көрінеді.

Аналары тастап кеткеннен кейін ер адам инсульт алған, қыздары оған бір нәрсе бола ма деп қорқады екен.

WhatsApp-Image-2019-04-17.jpeg

Басылым өгей шеше жазалау түрлерін жазу үшін арнайы дәптер арнағанын жазды. Онда кімнің қандай жаза алғаны, сонымен қатар, қыздар өздерін қалай ұстауға тиіс екені жазылған. Үлкен қыздың сөзінше, өгей шешелері қыздардың шайына ыдыс жуатын сұйықтық құйып, оны ішуге мәжбүрлеген. "Азаптау қаруы" ретінде ине, кәуәп таяқшалары, оқтау, пышақ және қысқыш пайдаланылған.

Еске сала кетейік, Түркістан облысында өгей шеше қыздарды ұрып-соқты деген күдікке ілінген еді. Елді шуатқан әйел адамның екінші балаға аяғы ауыр болып шықты.


Аты шулы модель Динагүл Тасова ел алдына тағы да жалаңаштанып шықты
Жас әншіні менсінбеген Сәдуақасова тілін көрсетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу