Жұптардың қарым-қатынасын құртатын 5 нәрсе

Oinet.kz 06-09-2020 694

Барлық адамдар отбасылық өмірде дау - дамайсыз, жанжалсыз қарым - қатынас жоқ деп есептейді. Олар өздерінің осы тәжірибесіне сүйене отырып, қарым - қатынастың не екенін түсінеді. Шындығында, көптеген адамдар үйлесімді және бақытты өмір сүру үшін өзара жағымды қарым - қатынас орнатудың кейбір тәртібін ұстанбайды. Осы мақалада сіз жақын адамыңызбен қарым - қатынасты бұзатын негізгі себептер туралы білетін боласыз. Жас жұптардың ортасында дау - дамай неден туындайды, тіл табыса алмауының себебі не?

Бірін - бірі сыйламау

Ең басты қателік – жұптардың бірін - бірі құрметтемеуі. Ері әйелін адам емес зат сияқты көреді. Сондай - ақ, әйел адам өз еркінше манипуляция жасап, ерін қолданып, қырсық - қыңыр мінезіне салып өз қалауларын жасатқызуға жағдай туғызады. Әрине, егер де күйеуі әйеліне зат ретінде қараса, әйелі ерін қалауын жасататын демеуші ретінде көрсе, онда құрмет туралы айтудың өзі артық болар. Мұндай жұптар бақытты болмайды. Өйткені екі адам бақытты сезінуі үшін бір - бірінің мүдделерін құрметтеуге тиіс.

Сексте үйлесімдік болмауы

Жұптардың арасында туындайтын тағы бір қиындық төсекте үйлесімдік болмауы. Мысалы, біреуі аптасына бірнеше рет секс болғанын қаласа, ал екіншісі 1 айда бірнеше болу жеткілікті деп есептейді. Екеуінің төсекті қажет етуі екі түрлі. Сондықтан жұптар қажеттіліктеріне назар аударып, ымыраға келуге тырысуы керек. Өйткені жұптардың арасындағы қарым - қатынаста көптеген мәселе сапалы жыныстық қатынас арқылы шешілуі мүмкін.

Опасыздық

Жұптардың бірінің көзіне шөп салуы кешірілмес әрекет, оны кешіру, қабылдау өте қиын. Жұптардың арасында опасыздық орын алса бір - біріне деген сенім, сүйіспеншілікті жойылады. Опасыздық бұл – алдау және сатқындық жасау, ондай адаммен бақытты өмір сүру мүмкін емес. Мұндай әрекет есеппен үйленген жұптар арасында, азаматтық некеде тұрған жұптардың арасында болуы мүмкін. Еркін жүріп - тұру осы екен деп білгеніңді істеу дұрыс емес.

Өмірдегі мақсат мүдделері сәйкес келмеуі

Кейбір ерлі - зайыптылар ортақ мақсаты мүдде жоқтығына байланысты қарым - қатынаста қиындықтарға тап болады. Демек, бір адам өзінің жеке басын дамытуға тырысса, екіншісі тұрақтылық сақтауға бағытталуы мүмкін. Өмірге деген көзқарастары әртүрлі жұптардың қарым - қатынасы ұзаққа бармайды. Өйткені өзін дамытуға тырысқан адам өзінің екінші жартысынан түсінушілік пен қолдау ала алмайды. Ғалымдардың тұжырымы бойынша өмірлік мақсат мүддесі бірдей жұптардың қарым - қатынасы үйлесімді әрі ұзақ болмақ.

Түсіну мен қолдаудың болмауы

Жұптардың арасындағы ең маңызды мәселе серіктесінен қолдау көрмеу. Жұптардың бірі өмірде туындайтын кейбір мәселеге уайымдайды ал жұбайынан тиісті назар мен қамқорлықты ала алмайды. Егер қиын жағдайға түскен кезіңде қолдау білдірмейтін жаныңнан табылып жұбатпайтын адамға ішің жыли қоюы екіталай.

Қорытынды

Отбасылық өмірде үйлесімді қарым - қатынас орнату үшін жұптар жауапкершілікті сезінуі қажет. Үйлену оңай үй болу қиын, - деп бұрынғылар бекер айтпаса керек. Егер қандай да бір қиындықтар туындап жатса, жұбыңызбен бірге отырып сөйлесіңіз. Бұл өзіңіздің де оның да шын ниетін білуге және барлығын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қазақ халқына тән тәрбие құралдарының бірі – ырым - тыйымдар
Өмір туралы мысал. Қу дүние
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу